Решт-Каспиан-Анзали темір жолының инфрақұрылымы салынып жатыр
Қыр 10, 2020 18:08 Asia/Almaty
Решт-Каспиан-Анзали темір жолының инфрақұрылымының 3 бөлігі орындалды. Енді 4025 млрд риалға темір жол төсеу жұмыстары басталды.
Решт-Каспиан-Анзали темір жолы Қазвин-Решт-Анзали темір жол жобасының бір бөлігі ретінде Ұлттық құрылыс институтының қолдауымен басталды. Жоба орындалғанда Гилян облысының орталығы Каспиан еркін аймағына қосылады.
Бұл жобаның орындалуы Гилян облысының ішкі жүк және жолаушы тасымалын арттырумен қоса, елдің импорты мен экспорты үшін жаңа темір жол дәлізін қалыптастыру тұрғысынан да, елдің солтүстігінен Парсы шығанағына, халықаралық еркін суларға және көршілес елдерге тауар транзиттеу тұрғысынан да аса маңызды.
Тегтер