«Зольфағар-99» бірлескен әскери жаттығуы – жергілікті қорғаныс күш-қабілеті саясында тұрақты қауіпсіздікті сақтау
(last modified Thu, 10 Sep 2020 13:13:30 GMT )
Қыр 10, 2020 19:13 Asia/Almaty

ИИР армиясының төрт күшінің бірлескен әскери жаттығуы Ормуз бұғазының шығыс суларында, Макран жағалауы, Оман теңізі мен Үнді мұхитының солтүстігінде өтіп жатыр.

Қорғаныс айыбыны саясында тұрақты қауіпсіздікті сақтау – Иран армиясының бірлескен әскери жаттығуының ұраны. Бұл теңіз қауіпсіздігінің Иран үшін қаншалықты маңызды әрі өміршең екенін көрсетеді.

Иран армиясы әрдайым халықаралық сулар мен теңіздерде әсерлі де тиімді қызмет атқарып келеді және теңіз қауіпсіздігін шынайы түрде қорғаушылардың бірі саналады. «Зольфағар-99» бірлескен әскери жаттығуында көрсетілген Иран армиясының күш-қабілеті аймақтық әлеуеттерді пайдала отырып, аймақ пен маңызды суларда тұрақты қауіпсіздікті сақтауға болатынын көрсетеді.

Иран армиясының «Зольфағар-99» бірлескен әскери жаттығуының қолбасшысы адмирал Хабиболла Сайяри: «Батыс Азия аймағы мен стратегиялық сулардың қауіпсіздігі аймақтағы барлық елдердің  сындарлы атсалысуымен және жергілікті күштердің қолдауымен қауіпсіздікті сақтауға байланысты. Сонда бөгде елдер мен трансаймақтық күштердің аймақ суларындағы үстемдігіне тосқауыл қойылады»,-деді.

Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазы – стратегиялық маңызы бар өткел. Ол теңіз саудасында маңызды рөл атқарады. Бұл халықаралық өткелде тұрақты қауіпсіздікті сақтау аймақ пен әлем елдерінің мүддесіне сай келеді.

Әлемдегі сауданың 90 пайыздан астамы теңіз арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда әрбір аймақтың елдері өз маңындағы теңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты. Осы аяда Иран өткен 40 жылда өзінің ішкі әскери-қорғаныс күш-қабілетіне сүйеніп, аймақ елдерімен әріптесе отырып, Батыс Азия аймағында тұрақты қауіпсіздікті сақтауға күш салып келеді.

Парсы шығанағы мен Батыс Азия аймағында трансаймақтық күштердің болуы аймақ қауіпсіздігін тек аймақтық күштердің сындарлы әріптестігімен орнатуға болатынын көрсетті. Ал бөгде күштер тек тынышсыздық тудырады.

Иран армиясының «Зольфағар-99» бірлескен әскери жаттығуының жолдауы аймақтағы көршілес елдері үшін бейбітшілік пен достық, ал қате саясатпен Парсы шығанағы мен Батыс Азия аймағында тынышсыздық тудыруға тырысатын шетелдік күштерге ескерту жасау болып табылады.   

Тегтер