Иранның Оңтүстік Хорасан облысында әлемдегі бөріқарақаттың 97 пайызы өндіріледі
(last modified Sun, 13 Sep 2020 13:07:16 GMT )
Қыр 13, 2020 19:07 Asia/Almaty

Оңтүстік Хорасан облысында бөріқарақат теру науқаны басталды. Әлемдегі жалғыз сүйексіз бөріқарат осы облыста өседі.

Бұл қышқыл жемістің емдік қасиеті көп, соның ішінде қанды тазалайды, қан қысымын төмендетеді, іш өтуді емдейді, қызуды төмендетеді, көкбауырдың қабынуын емдейді, жүрек пен бүйрек ауруларын емдеуге және геморрой мен герпесті емдеуге қолданылады. Бөріқарақат (зерешк) қосылған палау, бөріқарақат тоспасы, тұздығы, сусыны және тоқашы – ерекше дәмге ие таныс атаулар.