Сақшылар корпусының бас қолбасшысы Солейманиге қарсы террор жасағандардың жазаланатындарын қуаттады
https://itolqyn.com/news/iran-i48322-Сақшылар_корпусының_бас_қолбасшысы_Солейманиге_қарсы_террор_жасағандардың_жазаланатындарын_қуаттады
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ президентінің Иранға қарсы бос уәждеріне реакция білдіріп, Солейманиге қарсы террор үшін кек алынатынынын нақтылығын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 19, 2020 16:50 Asia/Almaty

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы АҚШ президентінің Иранға қарсы бос уәждеріне реакция білдіріп, Солейманиге қарсы террор үшін кек алынатынынын нақтылығын мәлімдеді.

 

Трамп АҚШ-тың мүдделеріне қарсы кез келген әрекетке мың есе күштілеу жауап қайтаратыны туралы уәжденді. Сақшылар корпусының бас қолбасшысы сардар Салами Трамптың қоқан-лоққыларына реакция білдіріп: «Ислам республикасы сардар Солеманиге қарсы террорға тікелей немесе тікелей емес қатысты адамдарды нысанаға алады. Бұл шынайы ескерту»,- деді. Сардар Салами Трамптың мың есе артық шабуылы туралы уәжіне назар аудартып: «Дұшпан бүкіл жерде Иран күштерінің бақылауына алынуда және қажет болса нысанаға да алынады»,- деп айтты.