Таңылған соғыстың себебі мен мақсаты және Қасиетті қорғаныстың маңызы Ислам революциясының жетекшісі тұрғысынан
(last modified Mon, 21 Sep 2020 17:14:34 GMT )
Қыр 21, 2020 23:14 Asia/Almaty
  • Таңылған соғыстың себебі мен мақсаты және Қасиетті қорғаныстың маңызы Ислам революциясының жетекшісі тұрғысынан

Ирактың Баас режимі 1980 жылы 21 қыркүйекте Иранның шекарасынан өтіп, басқыншылық соғыс бастады. Саддам режимінің Иранға таңған соғысы 8 жылға созылды. Ол алдын ала жоспарланған бағдарлама бойынша АҚШ-тың рұқсатымен және Ислам республикасының жаңа құрылған жүйесін құлату мақсатында басталды. Дұшпандар соғыс кезінде басқыншы режимге қолдау білдірді, бірақ мақсаттарына жетпеді.

Осы тұрғыдан 8 жылдық Қасиетті қорғаныс қазіргі таңда Иран халқы үшін дұшпандардың қастандықтары мен жауластықтарына қарсы тұруға мұрсат беретін мықты тірекке айналған құндылықтарды тудырды.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні таңертең бейнеконференция арқылы Қасиетті қорғаныс пен қарсыласу қозғалысының ардагерлерін марапаттау рәсімінде Иран халқының Қасиетті қорғаныстағы жарқын жеңістеріне және осы кезеңнің маңыздылығына тоқталып, маңызды жайттар мен оқиғаларды баяндады.

Аятолла Хаменеи жан-жақты сараптама жасап, таңылған соғыстың себебі мен салдарын түсіндіріп, сол кездегі қарсыласудың маңыздылығын баяндап, қарсыласу қозғалысының соғыс теңгерімін өзгертіп, Иран халқына қарсы бір ірі қастандықтың жеңіліс табуында маңызды рөл атқарғанын айтты.

Ислам революциясының жетекшісі: «Қасиетті қорғаныс сонау қысылтаяң шақта ел үшін  құнды капитал қалыптастырды. Бұл кезеңде Хоррамшахрды азат ету және ірі жеңістер сияқты үлкен ерліктер орын алды. Осы таңылған соғыста АҚШ пен Еуропа елдері Ирактың Баас режимінің басты қолдаушысы болды. Олар Саддам режимін қару-жарақпен қамтамасыз етіп, өздерінше ислам жүйесін құлату үшін Ирактың басқыншылық соғысты жалғастыруына жағдай жасады»,-деді.  

Қасиетті қорғаныс жылдарының маңызды жетістіктерінің бірі елдің қауіпсіздігін нығайту болғаны анық.

Қасиетті қорғаныс Иранға басқыншылық жасаудың ауыр шығыны болатынын көрсетті. Басқа жағынан бұл жеңіс қарсыласу қозғалысын аймақтағы құдірет теңгерімінде жаңа күшке айналдырды. Осыған байланысты аятолла Хаменеи Қасиетті орындарды қорғаушыларды Қасиетті қорғаныс берекесінің және жаңа буында джиһадтық рухтың жалғасуының жарқын үлгісі деп атап: «Ирандық, сириялық, ирактық, ливандық және ауғандық сияқты түрлі ұлттардан тұратын жауынгерлердің бір сапта тұруы – қазіргі заманның таңғажайып құбылыстары мен ақиқаттарының бірі»,-деді.

Қасиетті қорғаныс кезеңі тілеулестік, айбын мен қарсыласу сияқты ұғымдарды тудырып, қазір Иранның тарихы мен ұлттық болмысының бір бөлігіне айналды.