Иран Президенті: Саддамның елестері мен қате есептері бүгін АҚШ-пен қайталануда
ИИР Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық соғысына тоқталып, Ақ үй басшыларының елестері мен қате есептерін өзінің жойылуына әкелген Саддам режимінің әрекеттеріне ұқсастырды.
Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында елестер мен қате есептерді Саддам режимінің исламдық Иранға шабуыл жасауының негізі факторы болды деп атап: «Саддам бұл елестері мен қате есептерімен әшкереленді және өзін жойды, сондай-ақ аймақтағы оның қолдаушылары әрқайсысы өкіндіктерін білдірді»,- деді. Рухани бүгін Ақ үйдің дәл сол елестер мен қате есептерді қайталауына назар аудартып: «АҚШ үкіметі өткен екі жылда ұқсас елестері және қате есептерімен Иранға қарсы экономикалсық соғысты бастады. Оның осңы белгілі»,- деп сөзін жалғады. Иран Президенті АҚШ-тың Қауіпсіздік кеңестегі Теһранға қарсы әрекеттерінің сәтсіздіктеріне тоқталып: «Бүгін АҚШ-тың әлемдегі гегемониясы құлдырады»,- деді.