188 жергілікті ұшқышсыз ұшақ Сақшылар корпусы теңіз күштеріне тапсырылды
Бандар-Аббаста әскери қолбасшыларының қатысуымен 188 жергілікті ұшқышсыз ұшақ Сақшылар корпусы теңіз күштеріне тапсырылды.
Тапсырылған ұшқышсыз ұшақтар толық жергілікті және Иранның әуе өнерксәбінің мамандарымен жасалды. Стационарлық және қозғалмалы теңіз нысандарын жою үшін сурет пен видеоға түсіру - бұл дрондардың мүмкіндіктерінің бірі.
Сақшылар корпусы бас қолбасшысы сардар Салами бұл дрондарды тапсыру рәсімінде: «Біз жұмысымызды тоқтамаймыз, қару-жарақ түрлерін көбейтеміз және навигация тереңдігін арттырамыз»,- деді. Сақшылар корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы сардар Тангсири: «Бұл ұшқышсыз ұшақтардың теңіз күштеріне қосылуымен дұшпандардың бүкіл теңіз әрекеттері бақылауға және нысанаға алынады»,- деп мәлімдеді.