Қыр 27, 2020 18:44 Asia/Almaty
  • Шамхани: Аймақтық әріптестік пен диалог – тұрақтылық пен берік қауіпсіздік тудырудың ең жақсы жолы

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы аймақтық әріптестік пен диалогтың тұрақтылық пен берік қауіпсіздік тудырудың ең жақсы жолы екенін қуаттады.

Шамхани жексенбі күні Теһранда Ирактың Сыртқы істер министрі Фуад Хұсейнмен кездесіп, БАӘ мен Бахрейннің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыптандырғанына тоқталып: «АҚШ-тың қысымымен аймақтағы кейбір елдермен қарым-қатынасты қалыптандыру арқылы жүзеге асып жатқан Израиль режимі жобасының мақсаты – аймаққа толық үстемдік ету»,-деді.

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сардар Солеймани мен Әбу Мехди әл-Мұхандеске террор жасауды мемлекеттік терроризмнің айқын мысалы деп атап: «Осы қылмысты жасаушыларды жазалаудың ең жеңіл түрі – америкалық күштерді аймақтан шұғыл шығару»,-деді.

Тегтер