Рухани: Иран шекара аймағында лаңкестердің орналасуына рұқсат етпейді
(last modified Wed, 07 Oct 2020 12:29:28 GMT )
Қаз 07, 2020 18:29 Asia/Almaty

ИИР Президенті өзінің шекара аймағында лаңкестердің орналасуына рұқсат етпейтінін қуаттап: «Бұл қабылдабайтын тақырып және көршілес елдер басшыларына жарияланды»,- деді.

 

Рухани сәрсенбі күнгі үкімет отырысында Армения мен Әзірбайжан басшыларымен сөйлескеніне тоқталып: «Бұл сөйлесулерде Әзірбайжаннның территориялық тұтастығы қуатталды. Иранның көзқарасынша, ешбір мәселе қақтығыс пен соғыс арқылы шешілмейді. Ислам республикасы кейбіреулерге әртүрлі сылтаумен жылдар бойы Сирияда соғысқан лаңкестерді Иранның шекара аймақтарына әкелуге рұқсат етпейді»,- деп мәлімдеді. ИИР сондай-ақ Армения мен Әзірбайжан арасындағы соғыстың аймақтық соғысқа айналуы туралы ескерту жасап: «Қақтығысты күшейткісі келетіндер соғыстың жалғасуының ешбір мемлекеттін мүддесіне емес, сондықтан оны саяси жолдармен тоқтату керек»,- деп қуаттады.