Иран Әзірбайжан мен Арменияға наразылық нотасын тапсырды
(last modified Wed, 07 Oct 2020 13:59:12 GMT )
Қаз 07, 2020 19:59 Asia/Almaty
  • Иран Әзірбайжан мен Арменияға наразылық нотасын тапсырды

Иран Сыртқы істер министрлігі атылған оқтар мен зымырандардың Иран жеріне түсуіне байланысты Әзірбайжан мен Арменияға наразылық нотасын тапсырды.

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әзірбайжан мен Армения жерінен атылған оқтардың ИИР жеріне түсуіне байланысты Теһранның әрекеттері жөнінде: «Біз өз азаматтарымыздың қауіпсіздігіне немқұрайдылық білдірмейміз. Теһран Баку мен Ереваннан тату көршілік қағидаларына сүйене отырып, ИИР-ның егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеп, қолайсыз оқиғалардың қайталанбауы үшін барлық қауіпсіздік шараларын қабылдауды талап етеді»,- деді.