Баку Теһранға Қарабақ мәселесіне білдірген ұстанымына ризалығын білдірді
Түрік ағымдарына тәуелді кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының Әзірбайжан-Армения қақтығысы кезіндегі Тегеранның ұстанымына қарсы кең және алдамшы үгіт-насихатына қарамастан, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Иранның Таулы Қарабақ қақтығысына қатысты ұстанымына ризалығын білдірді.
CNN Turk телеарнасына берген сұхбатында Әзірбайжан президенті ИИР-ның Таулы Қарабақ жанжалына қатысты ұстанымдарын әділетті деп атап: «Ирандық басшылар Әзірбайжан-Армения қақтығысы туралы мәлімдемелерінде Әзірбайжанның территориялық тұтастығы сақталуы керек және әзірбайжандық босқындар өз үйлеріне оралуы керек»,- деп мәлімдеді. Әзірбайжан басшыларының Армениямен қайшылықтары ағымында Иранның қолдауларына ризалығын білдірп отырғаны бірінші рет емес. Әзірбайжан мен аймақтағы кейбір елдердегі шетелдік ағымдармен байланысты бұқаралық ақпарат құралдары Иран ұстанымына қарсы үгіт-насихатпен айналысқан және Тегеран мен Баку қатынастарды бұзу үшін барлық ресурстарды жұмылдырған уақытта, Баку басшыларының Иранның ұстанымына алғыс айтуы өте маңызды және Иранға қарсы үгіт-насихаттарды залалсыздандырады. Мұндай сөздер Ильхам Әлиев үкіметінің бірнеше жылдық үнсіздігіне қарамастан, Иранның Әзірбайжанның мұсылман халқы мен үкіметіне қолдау көрсетуінен хабардар болды. Бірақ Теһранның Баку мен Солтүстік Арастың мұсылман халқына қолдау көрсетуін қатты жарияламады. Әзербайжандық танымал саяси сарапшы Зартошт Ализаде Баку БАҚ-ына берген сұхбаттарында Иранның Әзірбайжанға көмектесуі туралы бірнеше рет айтқан. Ол Choral сайтына берген сұхбатында Теһранның Бакуге сенімсіздік білдіруіне себеп болған Абульфаз Эльчибей басқарған Халықтық майдан үкіметінің ұстанымдарын сынап: «Элчибек дәуіріндегі Иранға қатысты саясатының бір бөлігі қазіргі кезеңде де жалғасуда. Біз Иранның қалағанының көп бөлігін бермейміз. Иран өз тарапынан Әзірбайжандағы шиит және мұсылман бауырларына кез-келген көмек көрсетті»»,- деп мәлімдеді. Қалай болғанда да, соғыс пен қақтығыстың адами және қаржылық шығындар келтіруімен бірге мемлекеттердің экономикалық және саяси даму үшін кедергі болатыны даусыз. Иранның ұстанымының соғысушы тараптар үшін өте маңызды екені анық. Өйткені Иран соғысушы тараптармен, атап айтқанда Әзірбайжан, Армения және Таулы Қарабақ аймағымен шекаралас. Сонымен қатар, бөгделерге тәуелді ДАИШ террористік тобы сынды кейбір ағымдардың әсері исламдық Иранға орны толмас шығын келтіруі мүмкін. Сондықтан Иран басшыларының Таулы Қарабақ қақтығысына қатысты ұстанымы Теһран билігінің қырағы саясатынан туындайды.