Бүкіл күштердің қолбасшысы: АҚШ-тағы қара ниеттілер Иранның күш-қуатынан қорқады
(last modified Mon, 12 Oct 2020 21:52:51 GMT )
Қаз 13, 2020 03:52 Asia/Almaty

Иранның Бүкіл күштерінің қолбасшысы АҚШ-тағы қара ниеттілердің Иранның қорғаныс және зымыран саласындағы күш-қабілеті туралы сандырақ сөздерінің себебін ИИР-ның осы қарым-қабілетке жету үшін ойластырған нақты есептеулері деп атап атады.

Иранның Бүкіл күштерінің қолбасшысы хазірет аятолла Хаменеи дүйсенбі күні Имам Әли (ғ.) атындағы әскери университетте Қарулы күштерге қарасты офицерлік университеттер студенттерінің ортақ рәсімінде: «Америкалықтардың бос сандырағы олардың қорқуынан және осы салада артта қалуынан туындап отыр. Алайда осындай кеңістік тудыруларға көңіл аудармастан, біз рационалды есептеу аппаратын сақтауымыз керек. ИИР барлық салаларда әлі де ілгерілей түседі»,-деді.

Аятолла Хаменеи, сондай-ақ, АҚШ Президентінің Иран экономикасында қиындық тудырып, халыққа қарсы қылмыс жасаудан ләззат алатынын айтып: «Мұндай қылмысқа мақтану тек осындай нашар адамдардың қолынан келеді»,-деді.

Иранның Бүкіл күштерінің қолбасшысы: «Әрине мыңдаған миллиард доллар бюджет тапшылығы және кедейшілік шегіндегі ондаған миллион аш адамы бар АҚШ-тың қазіргі жағдайы өте нашар. Иран халқы иман және ұлттық ерік-жігермен АҚШ-тың сатқын, қылмыскер әрі бұзақы басшыларының тілегіне керісінше қиыншылықтарды жеңіп шығып, санкцияларды ел экономикасын шынайы түрде нығайту үшін құрал ретінде пайдалатын болады»,-деді.   

Аятолла Хаменеи ел қиыншылықтарының ішкі әлеуетпен шешілетінін айтып: «Экономикалық мәселелер мен халықтың тұрмыстық қиыншылықтары жауапты тұлғалардың күндіз-түні тынбай еңбек етуі, жан-жақты әрекет ететін мықты басқару жүйесінің болуы, ішкі өндіріске көңіл бөлу және шетелдіктерге үміт артпау арқылы шешіледі. АҚШ халқына билік жүргізіп отырған қара ниеттілердің айқай-шуы ешкімді алаңдатпауы тиіс»,-деді.

Иранның Бүкіл күштерінің қолбасшысы, сондай-ақ, қатерлер өзгергендіктен олармен күреске де жаңа бағдарлама қажеттігін айтып: «Иран Қарулы күштеріне қарасты университеттердің зерттеулерінде жаңа қауіп-қатерлерді анықтау және олармен күрес жолдарын табуға баса назар аударылуы керек»,-деп қуаттады.  

Тегтер