Зариф: Иран Қарабақ мәселесін шешуге көмектесуге дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i48642
Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның бейбітшілікке қол жеткізуге және Таулы Қарабақ жанжалын тұрақты шешуге көмектесуге дайын екенін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 16, 2020 15:42 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран Қарабақ мәселесін шешуге көмектесуге дайын

Иран Сыртқы істер министрі ИИР-ның бейбітшілікке қол жеткізуге және Таулы Қарабақ жанжалын тұрақты шешуге көмектесуге дайын екенін қуаттады.

 

Зариф Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Байрамовпен телефон арқылы сөйлесіп, Қарабақ мәселесін шешу саласындағы Иранның негізгі ұстанымын мәлімдеді. Зариф Әзірбайжаннның территориялық тұтастығын қуаттап: «Теһран Минск тобы механизміне қосымша ретінде Иран-Түркия-Ресей аймақтық бастамасы шеңберінде бейбітшілікке қол жеткізуге және Таулы Қарабақ жанжалын тұрақты шешуге көмектесуге дайын»,- деді.