Зариф ирактық әріптесімен телефон арқылы сұхбаттасты
Қаз 17, 2020 20:21 Asia/Almaty
Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сұхбатында екі елдің қарым-қатынасына қатысты түрлі мәселелер талқыланды.
Мұхаммад Джавад Зариф пен Фуад Хұсейн сенбі күні телефон арқылы сұхбаттасып, Ирак Сыртқы істер министрінің Иранға сапарында қол жеткізілген келісімдердің орындалуын қадағалау қажеттігін қуаттады.
Иран мен Ирак Сыртқы істер министрлерінің 2020 жылы 26 қыркүйекте өткен кездесуінде Ирактың бір техникалық делегациясы екіжақты келісімдерді орындау, соның ішінде Арвандруд өзенінің арнасын тазарту үшін Иранға барады деп келісілген болатын.
Тегтер