Иран тәкфиршілердің әрекеттерінен хабардар
ИИР армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы: «Ислам революциясының Сақшылар корпусы мен ИИР-ның армиясы тәкфиршілердің аймақтағы барлық әрекеттерінен хабардар»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран армиясы құрлық күштерінің қолбасшысы бригада генералы Ахмадреза Пурдастан 17 сәуір – Иран Армиясы күні қарсаңында Теһран жұма намазының құтпаларының алдында сөйлеген сөзінде: «Тәкфиршіл топтардың Иранға қарсы кез-келген қоқан-лоққысы шекараның ар жағында жойылады. Олар ешқашан Иранның Қарулы күштерін қапыда қалдыра алмайды.
Батыстықтар Ирак пен Ауғанстандағы сияқты Иранға басқыншылық жасай алмағаннан кейін тәкфиршіл және лаңкестік топтарды пайдалануға бет бұрып, өзгенің қолымен ИИР-на қарсы соғыс жүргізе бастады, алайда бұл қоқан-лоққылардың барлығы ИИР-ның шекарасына жетпей жойылуда»,-деді.