Иран аспанынан өтетін әуе рейстер саны 23 пайызғы артты
Қаз 20, 2020 19:25 Asia/Almaty
Қоқан-лоққылар, санкциялар мен жаулардың иранофобиясына қарамастан, шетелдік авиакомпаниялар Иранның аспанын елемей қала алмайды.
Иран Парламентінің азаматтық комиссиясының мүшесі Наджафзаде: «Иранның әуе кеңістігін өтетін әуе рейстер саны өткен бір айда, яғни 2020 жылдың 22 тамызы мен 21 қыркүйегі арасында 22 шілде - 21 тамыз аралығымен салыстырғанда 23 пайызға өсті. Жаулардың Иранның аспанының қауіпсіз емес деп көрсету талпыныстары мен бұқаралық ақпарат құралдарының қастығына қарамастан, көптеген шетелдік авиакомпаниялар әуе қатынасы үшін Иранның әуе жолын пайдаланады. Иранның әуе кеңістігі әуе рейстер үшін ең қауіпсіз бағыттардың бірі саналады.
Тегтер