Қаз 21, 2020 15:10 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Мұсылмандар сионистік режиммен келісімге келудің қорлығына төзбейді

Ислам революциясы жетекшісі Twitter-дегі парақшасында кейбір араб үкіметтерінің сионистік режиммен келісімге келуіне реакция білдіріп: «Мұсылман халықтар сионистік режиммен келісімге келудің қорлығына төзбейді»,- деп жазды.

Ислам революциясы жетекшісінің Twitter-дегі парақшасында сейсенбі күні кешке жарияланған бұл мәлімдемеде: «Басқыншы сионистік режиммен келіссөз жүргізетін кез келген режимнің халқының арасындағы жағдайы шайқалады. Америкалықтар аймақ мәселесін осылай шешеміз деп ойласа, қателеседі»,- деді.

БАӘ мен Бахрейн сыртқы істер министрлері 15 қыркүйекте Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израиль премьер-министрі Бениамин Нетаньяхудың қатысуымен сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыптандыру келісімге қол қойды.

 

Тегтер