Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 16 Apr 2016 07:00:15 GMT )
Сәу 16, 2016 13:00 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері: «ИИР ешқашан АҚШ-тың мойынсұнуға немесе қоқан-лоққы жасауға негізделген шарттарын қабылдамайды»,-деді.

Аятолла Ахмад Жәннати Теһран жұма намазының құтпаларында: «Батыс алпауыттары «егер мойнсұнбайтын болса ИИР-на қарсы қоқан-лоққыларды жалғастыра береміз» дегенге негізделген шарттарын Иран халқының ешқашан қабылдамайтынын білсін»,-деп баса айтты.

Теһран жұма намазының құтпагері Иранның революцияшыл халқы қандай жағдайда болмасын үстемшіл алпауыттардың шектен тыс талаптарына қарсы тұратынын қуаттап: «ИИР-ның жүйесі демократия негізінде құрылған. Ақпан айында өткен Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлау осыны дәлелдеді»,-деді.

Теһран жұма намазының құтпагері АҚШ-тың қоқан-лоққылар мен санкцияларына қарсы тұрудың жалғыз жолын ИИР-ның экономикалық дамуы мен әскери қуатын арттыру деп атап: «Ислам революциясының жетекшісі тарапынан хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1395 жылға таңдалған «Қарсыласу экономикасы: іс-әрекет» деген ұранды орындау үшін нақты бағдарламалар жасалуы тиіс»,-деп сөзін жалғады.

Теһран жұма намазының құтпагері кейбір елдердің мұнай бағасын төмен ұстап тұру үшін жасап жатқан қастандықтарына тоқталып: «Олардың бұдан көздейтін басты мақсаты – ИИР-на соққы беру, Иран халқының дамуына кедергі жасау. Алайда өткен 37 жылдың ішінде Иранның ұлттық мүддесі мен Ислам революциясының арман-мақсаттарын қорғап келген адамдар әлі де барлық күш-жігермен төтеп беріп, Иранның зардап шегуіне жол бермейді»,-деп баса айтты.