Ислам революциясы жетекшісі коронавирусқа қарсыласу саласында шешуші шешімдер мен қоғамдық ынтымақтастықтың қажеттілігін қуаттады
Ислам революциясы жетекшісі коронавирус пандемиясының өкінішті жағдайына қарсыласу саласында шешуші шешімдер, сондай-ақ бүкіл органдар мен халықтың ынтымақтастығының қажеттілігін қуаттады.
Аятолла Хаменеи ел президенті мен коронавируспен күресу ұлттық штабы мүшелерінің қатысуымен өткен кездесуде штабтың жұмысына алғысын айтып, әртүрлі елдердегі вирусқа қарсыласу жұмыстарға тоқталып: «АҚШ сынды кейбір мемлекеттерде бұл үдеріс ең жаман түрде басқарылуда. Бірақ біз халықтың денсаулығы мен өміріне, қауіпсіздігі мен экономикасына әсерін тигізетін бұл оқиғаан ең жақсы түрде өтуіміз керек»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі «шешуші басқару шешімдерді қабылдау, қоғамдық пікірмен санасу және барлық институттар мен адамдардың ынтымақтастығын дұрыс басқару қажеттіліктерінен деп атады. Әрине, бұл ынтымақтастық коронавируспен күресумен ғана шектелмей, барлық мәселелерде, әсіресе саяси мәселелерде болуы керек. Өйткені мықты ұлты, жаңа қалыптасып келе жатқан жүйесі мен айтатын жаңа сөзі бар ел әлемдік және ішкі салаларда маңызды мәселелермен табиғи тұрде кезігеді.