Францияның уақытша сенімді өкілі Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды
(last modified Tue, 27 Oct 2020 08:53:58 GMT )
Қаз 27, 2020 14:53 Asia/Almaty
  • Францияның уақытша сенімді өкілі  Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды

Францияның уақытша сенімді өкілі елінің Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды басып шығаруына қолдау көрсеткені үшін Иран Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.

 

Иран Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі департаментінің бас директоры Еуропадағы миллиондаған мұсылмандардың сезімдеріне тиген франциялық басшылардың қабыл етуге келмейтін әрекеттерін айыптап: «Кез келген адамның Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізуі қатаң түрде айыпталып, қабылданбайды»,- деп қуаттады.

Францияның Charlie Hebdo басылымы өткен күндері Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды қайтадан басып шығарды.

Франция Президенті Макрон дипломатия мен демократия негіздеріне жатпайтын сөздерінде: «Франция Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды басып шығаруды жалғастырады»,- деп жариялады.

 

Тегтер