Ислам революциясы жетекшісінің Франция жастарына жолдауы
Ислам революциясының жетекшісі өз жолдауында Франция жастарынан өз Президенттерінен неге Алланың елшісіне құрметсіздік көрсетуді қолдап, мұны сөз бостандығы деп санайтынын сұрауды өтінді.
Хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні кешке Франция жастарына арнаған жолдауында: «Сөз бостандығы дегеніміз көрнекті діни тұлғаларға тіл тигізу және балағаттау ма? Бұл ессіз әрекет оны өздерінің Президенті етіп сайлаған ұлттың сана-сезімін қорлау емес пе?»,-деді.
Ислам революциясының жетекшісі Франция жастарынан тағы да «Холокостқа қатысты күмән келтіру неге қылмыс саналады? Ол туралы материал жазған адам түрмеге отырады. Ал неге әркім пайғамбарға тіл тигізуге ерікті?» деп сұрады.
Франция Президенті Эммануэль Макрон Ислам пайғамбарына құрметсіздік білдірген карикатураны қолдап, әлемнің түкпір‑түкпіріндегі мұсылмандардың ашу-ызасын тудырды. Францияда сөз бостандығы деген желеумен Ислам пайғамбарына сан рет құрметсіздік көрсетілді.
Батыстың кейбір елдері, соның ішінде Франция демократия мен сөз бостандығы аясында өздерінің саяси мүдделерін ілгерілетеді. Батыста Франция тарапынан исламнан үркіту саясаты жүргізіліп жатыр. Ал негізі ислам діні – рақымшылық, бейбітшілік пен достық діні.
Ислам пайғамбары – мұсылмандарды біріктіретін тұлға және басқа илаһи діндерді ұстанушылардың құрметтейтін адамы. Түрлі илаһи діндерге құрмет көрсету – халық арасында сенім орнатып, махаббат пен бейбітшілікті сақтаудың негізі.
Әрбір дінде экстремизм айыпталады. Мұндай әрекеттер Франция басшыларының саяси мүдделерін ілгерілететін құралға айналмауы керек.
Франция Президентінің сөз бен ой еркіндігі сылтауымен Ислам пайғамбарына құрметсіздік көрсетуін мүлде ақтап алуға болмайды. Мұндай бүлдіргі әрекеттер түрлі діндерді ұстанушылардың тату тіршілігі мен бейбітшілігіне көмектеспейді.
Ирактағы халдей-католик шіркеуінің қызметкері кардинал Марлеос Рафаэль Саку сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Барлық діндер халық үшін жиреніш пен қатігездіктің емес, махаббат, бейбітшілік, ынтымақтастық пен сенімнің бастауы болуы керек»,-деді.
Франция Президентінің мұсылмандарға қатынасын ешбір дін қолдамайды, тіпті әлемде алаңдаушылықтың артуына себеп болады. Президент ретіндегі Макронның сөз бостандығын екіқырлы қолдануы оған дауыс берген халыққа құрметсіздік көрсету болып табылады. Өйткені сөз бостандығы дегеніміз басқа діндерге құрметсіздік көрсету емес.
Франция Президенті Алла елшісіне тіл тигізген карикатураны басып шығарған Charlie Hebdo басылымын қорғап, қолдау білдірді. Ал негізі тура осы қоғамда біреу кейбір тарихи мәселелер, соның ішінде Холокост туралы күдік білдіре қалса, сотталады.
Батыс қоғамындағы, әсіресе Франциядағы екіжүзділік – қалыпты қатынас. Осы саясаттың саясында Батыстың кейбір елдері ислам әлеміне қатысты стратегиясын белгілеп алған. Исламнан үркіту – осы стратегияның тұрақты негізі.