Рухани: Иран ШЫҰ-на мүше елдердің инфрақұрылымдарын қамтамасыз ете алады
Иран Президенті: «Иран Батыс Азиядағы көлік желісінің бірі ретінде ШЫҰ-на мүше және аймақ елдердің инфрақұрылымдарының көбін қамтамасыз ете алады»,- деді.
Рухани ШЫҰ-на мүше елдер басшыларының ХХ самитінде тұрақты қауіпсіздіктің тек ынтымақтастық, серіктестік және бейбітшілік арқылы ғана қол жеткізуге болатынын қуаттап: «Иран терроризм, экстремизм және есірткі контрабандасымен тиімді күресу үшін серіктестерімен және Шанхай ынтымақтастық ұйымымен ынтымақтастығын жалғастырады»,- деді. Иран Президенті сонымен қатар Баку мен Ереван басшыларының әскери қақтығысты тоқтату шешіміне ризалығын білдіріп: «Иран шиеленістер мен қақтығыстарды азайту және тұрақтылық, қауіпсіздік пен аймақта тұрақты және әділетті бейбітшілік орнату үшін кез келген талпынысты қолдайды»,- деді.