Иранда білім беру және емдеу жобалары іске қосылды
Қар 12, 2020 19:16 Asia/Almaty
Бейсенбі күні Иранның Керман, Құм және Мешхед қалаларында елдің Білім және тәрбие министрлігінің 1550 ұлттық жобасының ашылу рәсімі ИИР Президентінің бейнеконференция арқылы қатысуымен өтті.
Осы рәсімде Иран Президентінің бұйрығымен елдің түрлі қалаларында 1550 білім және тәрбие беру, әл-ауқатты арттыру жобасының тұсауы кесіліп, ресми түрде қолданысқа берілді.
Иранның Денсаулық сақтау министрлігі ел Президентінің бұйрығымен Керманда 150 орындық аурухана, Құмда 231 орындық аурухана салып, Мешхедте 400 орындық аурухананы дамыту және 3 емдеу жобасын іске қосты.
Тегтер