Ирак Қорғаныс министрінің Теһран сапары
(last modified Sat, 14 Nov 2020 15:41:02 GMT )
Қар 14, 2020 21:41 Asia/Almaty
  • Ирак Қорғаныс министрінің Теһран сапары

Аймақтың ерекше жағдайлары және қауіпсіздік пен терроризмге қарсы күрес төңірегіндегі ынтымақтастық қажеттілігі Иран-Ирак қатынастарын стратегиялық жолға түсірген факторлардың бірі болып табылады.

 

Ирак Қорғаныс министр Джума Инад Саадун бүгін, сенбі күнгі ИИР Қорғаныс министрі Амир Хатамидің шақыруымен жасап отырған Теһран сапарында ирандық әріптесімен және елдің басқа басшыларымен кездесті. Өткен шілдедегі Ирак Премьер-министрі Мұстафа Каземидің Теһран сапарында екі елдің ынтымақтастықтар деңгейі жаңа кезеңге енді. Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи Ирак Премьер-министрімен кездесуінде (21.07.20) сөйлеген сөзінің бір бөлімінде: «Екіжақты қатынастарда ИИР үшін   мүдде, қауіпсіздік, қадір-қасиет, аймақтық билік және Ирактағы жағдайдың жақсаруы өте маңызды мәселелер болып табылады»,- деді.  

Ол генерал Кассем Солеймани мен Абу Махди аль-Мохандесті террор етуді американдықтардың аймақтағы орналасуының нәтижесі деп біліп: «ИИР Ирак үкіметі, халқы және парламентінің американдықтарды елден шығару шешімін іске асыратынына сенімді,    өйткені олардың болуы тынышсыздықтар тудырады»,- деді. Ирак пен аймақтың басқа елдерінің халқы АҚШ пен оның одақтастарының аймақтағы орналасуының ащы тәжірибесін біледі. АҚШ 2001 жылы Трамп пен Клинтонның уәждерінше АҚШ-тың өзіқұрған әл-Қаидамен күресуді сылтауратып, аймақты тынышсыздықтар мен ДАИШ пен басқа ондаған лаңкестік топтарды тудырған терроризмге шырмады. Аймақтағы қазіргі жағдай АҚШ-тың аймақтағы әскери күші қауіпсіздік тудырып қана қоймай, шапқыншылыққа жол ашқанын көрсетеді. АҚШ аймақтағы кейбір араб елдеріне Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру үшін қысым көрсетіп, аймақтағы қауіпсіздік теңдеулерін Израиль пайдасына өзгертуге талпынуда. Бұл факторларды ескере отырып, Иран-Ирак қатынастарының сан қырлы маңызы бар деп айтуға болады. Сондықтан Ирактың қауіпсіздігін нығайтудағы Иранның рөлі тек екі ел үшін ғана емес, сонымен қатар БҰҰ-ның аймақтық мақсаттары үшін де маңызды. АҚШ үкіметінің Ирактағы саясатын сынаған  АҚШ Конгрессіне жақын Hill басылымы Вашингтонды «келісімшарт бұзушы» деп сипаттап, былай деп жазды: «Иракты қолдау арқылы Иран барлық жағдайда өз одақтастарына адал болып қалатынын көрсетті».

 

Тегтер