Қалибаф: АҚШ құлдырау үстінде
Қар 15, 2020 16:46 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «АҚШ сайлауынан кейінгі оқиғалар бұл елдің үстемдігін мұқалтып, құлдырау үдерісін тездетіп жатыр»,-деді.
Қалибаф АҚШ сайлауынан кейінгі оқиғаларға тоқталып: «АҚШ-тың құрылымдық, саяси-экономикалық және әлеуметтік қиындықтары әлемге ашық көрсетілді. Бүгінгі шынайы жағдай АҚШ-тың құлдырау үстінде екенін көрсетеді»,-деді.
Қалибаф АҚШ-тың жемқор жүйесін елдің қате шешімдеріне жауапты басты тарап деп атап: «Қасым Солеймани қанының құны – америкалық әскерилердің аймақтан шығуы»,-деді.
Тегтер