«Шандиз» этнографиялық мұражайы
Қар 22, 2020 20:32 Asia/Almaty
«Шандиз» этнографиялық мұражайы Хорасан-е Разави облысының орталығы Мешхедтен 10 шақырым жерде орналасқан.
Осы облыстағы дәстүрлі кәсіп түрлерін таныстыруға арналған бұл мұражайдың ғимараты 600 жыл бұрын салынған. Тимурилер дәуірінің жәдігері саналатын ғимаратта 9 құжыра бар. Онда Хорасан аймағындағы ши тоқу, себет тоқу, жүн бояу, қалы кілем тоқу, жіп иіру, резеңкеден бұйым жасау, аяқ киім тігу, чарук – дәстүрлі аяқ киім тігу, мыс бұйымдарын жасау, ұсталық, тас қашау және дәмдеуіш жасау сияқты 17 дәстүрлі кәсіп көрсетілген.








Тегтер