Бүгін Иранда 475 адам коронавирустан көз жұмды
Қар 22, 2020 22:57 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі індетке шалдыққандардың соңғы статистикасы туралы: «Нақты диагностикалық критерийлер бойынша өткен 24 сағатта елде тағы 13053 адамнан COVID-19 анықталды. Солардың ішінде 2160 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
Сима Садат Лари жексенбі күні Иранда COVID-19 жұқтырғандардың жалпы санының 854361 адамға жеткенін айтып: «Өкінішке қарай, өткен 24 сағатта 475 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 44802 адамға жетті»,-деді.
Ларидің айтуынша, осы күнге дейін 603445 адам індеттен жазылып, ауруханадан шықты.
Тегтер