Ислам революциясы жетекшісі: Басидж – Иран халқының үлкен байлығы және Алла берген қоры
(last modified 2020-11-25T09:31:51+00:00 )
Қар 25, 2020 15:31 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Басидж – Иран халқының үлкен байлығы және Алла берген қоры

Ислам революциясы жетекшісі Басидж ұйымы құрылған күні бұ күштерді Иран халқының үлкен байлығы және Алла берген қоры деп атады.

 

Бүгін, сәрсенбі 2020 жылдың 25 қарашасы - ИИР негізін қалаушысы имам Хомейнидің бұйырығымен Басидж ұйымы құрылған күн.

Ислам революциясы жетекшісі аятола Хаменеи сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Басидж - имам Хомейнидің үлкен ескерткіші және ұлттық күш-қуат пен тазалық, шынайылық, қырағылық пен күрес көрінісі. Елді және оның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қорғау, ауылшаруашылық жұмыстар, ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы жетістіктер, рухани кеңістік орнату, қорыта айтқанда барлық салаларда басидждердің белсенді қатысатынын көруге болады»,- деді. Аятолла Хаменеи басидждердің Иран халқының үлкен байлығы және Алла берген қоры екенін қуаттап: «Бұл халықтың дұшпандары әрдайым оларды жойғылары келді»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер