Генерал Хатами: Ешбір қылмыс, террор мен ессіз әрекет жауапсыз қалмайды
(last modified Mon, 30 Nov 2020 10:27:10 GMT )
Қар 30, 2020 16:27 Asia/Almaty

Иран Қорғаныс министрлігі: «Иран халқына қарсы жасалған ешбір қылмыс, террор мен ессіз әрекет жауапсыз қалмайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, генерал Хатами дүйсенбі күні Иранның атом және қорғаныс саласындағы ғалымы Мохсен Фахризадені жерлеу рәсімінде: «Қылмыскерлер өз істерінің сазайын тартатындарын білсін»,-деді.

Генерал Хатами ирандық ғалымға жасалған қастандыққа жиреніш білдірген елдерге алғыс айтып, ұстамдылыққа шақырып отырған халықаралық ұйымдар мен елдерге: «Арсыз лаңкестерді қолдау олардың дарақылана түсуіне алып келеді. Олар келешекте сіздерді де нысанаға алады»,-деп ескертті.