Рухани БҰҰ жіберген жолдауында әлемдік қауымдастықты сионистік режимге қарсы тұруға шақырды
(last modified Wed, 02 Dec 2020 09:50:05 GMT )
Жел 02, 2020 15:50 Asia/Almaty
  • Рухани БҰҰ жіберген жолдауында әлемдік қауымдастықты сионистік режимге қарсы тұруға шақырды

ИИР Президенті Халықаралық Палестинамен ынтымақ күніне байланысты БҰҰ Бас ассамблеясына жіберген жолдауында әлемдік қауымдастықты бала өлтіруші сионистік режимнің әрекеттеріне қарсы тұруға шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани 29 қараша күнінің Палестина жерлерінің 70 жылдан астам уақыт бойы заңсыз сионистік режиммен басып алынуын және Палестина халқының аяқталмаған қиындықтарын, сондай-ақ бұл мазлұм халықтың құқыларының бұзылуы мен оған қарсы зорлық-зомбылықтың жалғасуын еске салатынына тоқталып: «Күн сайын бұл режимнің шапқыншы және нәсілшіл саясаты мен ұйымдастырылған қылмыстарының артуынын куәсі болудамыз. Бұл режим Палестина жерлерін қосып алу жобасы іске асыруды көздеуде, сондай-ақ бұл елдің азаматтарын өлтіріп, коронавирус пандемиясына қарамастан Газа халқына қарсы адам құқығын бұзатын санкцияларын жалғастырып, палестиналықтарды медициналық-санитарлық қажеттіліктер мен көмектерден мақрұм етуде. ИИР Палестина халқының мақсаттарына жан-жақты қолдауын жалғастыратынын және бұл халықтың сионистік режимнің басқыншылығына қарсыласуы мен табандылығын құрметтейтінін қуаттап, әлемдік қауымдастықты бала өлтіруші сионистік режимнің адам құқығын және БҰҰ-ның көптеген қарарларын бұзатын әрекеттеріне қарсы тұруға шақырады»,-деді.