Рухани: Иран мен Түркия ислам әлеміндегі қайшылықтарды азайта алады
ИИР Президенті Теһран мен Анкараның халықаралық мәселелер бойынша ынтымақтастық пен өзара келісімнің қажеттілігін қуатттап: «Иран мен Түркия ақылдасу мен ынтымақтастық арқылы ислам әлеміндегі қайшылықтарды азайта алады»,- деді.
Хасан Рухани бейсенбі күні Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Ислам дұшпандарының араласуының алдын алу үшін ислам әлеміндегі қайшылықтарды тоқтату шұғыл қажеттілік екенін қуаттады. Рухани сондай-ақ ирандық ғалым Мохсен Фахризаденің сионистермен террор етілгенін үлкен қылмыс деп атап: «Бұл террордың кіммен жасалғаны толық белгілі. Сондықтан шәһидтің қаны үшін кек алу – Иран үкіметінің құқығы»,- деп мәлімдеді.
Эрдоған Иран үкіметі мен халқына Мохсен Фахризаденің шәһид болуына көңіл айтып: «Бұл лаікестік әрекеттін аймақтың бейбітшілігі мен тыныштығын нысанаға алғаны сөзсіз»,- деді.