Женевадағы Иранның тұрақты өкілі: Халықаралық қоғамдастық ғалымдардың өлтірілуіне қатаң реакция білдіруі керек
(last modified Fri, 04 Dec 2020 09:58:53 GMT )
Жел 04, 2020 15:58 Asia/Almaty
  • Женевадағы Иранның тұрақты өкілі: Халықаралық қоғамдастық ғалымдардың өлтірілуіне қатаң реакция білдіруі керек

Женевадағы БҰҰ кеңсесіндегі Иранның тұрақты өкілі ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуске жіберген хатында Иранның ядролық саладағы ғалымы Мохсен Фахризаденің террор етілгеніне тоқталып, халықаралық қоғамдастықтың бұл әрекетке қатаң реакция білдіру қажеттілігін қуаттады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Исмаил Бақаи Хамане Иран зерттеушісінің денсаулық саласындағы маңызды жұмыс жасап, коронавирусты анықтайтын алғашқы  тесті өндіруге және COVID-19 қарсы вакцинаны шығару жобаға қатысқанына тоқталып, шәһид Фахризаде  Иран халқына қарсы жан-жақты қысым көрсету саясаттың жалғасында террор етілді деп тауып: «Адам өлтіруге қарсы үнсіздік пен әрекетсіздік дұрыс емес, өйткені мұндай қылмыстың қалыпастып, әлемнің түпкір-түпкірінде қайталануына себеп болады»,- деді.