Иран Мәжілісінің заңы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тараптарына ауыр міндетті жүктейді
(last modified Fri, 04 Dec 2020 15:48:40 GMT )
Жел 04, 2020 21:48 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің заңы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тараптарына ауыр міндетті жүктейді

ИИР Сыртқы істер министрі: «Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тараптары өз міндеттемелері орындамаса, «Санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық іс-қимыл» заңды іске асырады»,- деді.

 

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Рум қаласындағы «Жерорта диалогы» видеоформатта өткен алтыншы отырыста: «Иран Мәжілісінде бекітілген заң Еуропа мен АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға мәжбүрлейді»,- деді. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі 9 баптан тұратын «Санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық іс-қимыл» жобаны бекітті. Содан соң Иран Конституциясының Сақшылар кеңесінда расталып, бұл жоба заңға айналды және үкімет оны екі айдың ішінде іске асыруға міндеттелді. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тараптары өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, бұл заң Иранның ядролық шектеулерін тоқтатады. Уранды 20 пайызға байыту, қосымша протоколды орындаудан бас тарту және Арак реакторына ұқсас ауыр су реакторын жасау аталмыш заңның маңызды баптарына жатады. «Санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық іс-қимыл» заңы бойынша Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқарту қадамдарға жаңа баптардың қосылуы барлығынан бұрын қарсы тарапқа қысым көрсетіп, Иран үкіметінің санкциялардың күшін жою мүмкіндіктерін арттыруды қарастырады. Иран тіпті АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына қарамастан АҚХА-мен ынтымақтастығын жалғастырып, өз міндеттемелерін орындауды тоқтатпады. АҚХА өзінің 15 мәлімдемесінде Иранның ниетін растады. Мұндай жағдайда еуропалық тарап өз міндеттемелерін іске асырмай, АҚШ-тың Иран халқына қарсы экономикалық соғысын қолдаған болды. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі заңы Иран үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптарына деген күшін арттырады және «Санкцияларды жоюға бағытталған стратегиялық іс-қимыл»  заңы бойынша, егер тараптар өз міндеттемелерін орындамаса, Иран келісімдегі шектеулерін арттыратын  жаңа қадамдар басып, мүддесі қамтамасызетілмген жағдайда, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды қалған жалғыз мемлекет болып қалмау үшін одан шығады.