Бүгін – Иранда Студенттер күні
(last modified Sun, 06 Dec 2020 11:26:08 GMT )
Жел 06, 2020 17:26 Asia/Almaty
  • Бүгін – Иранда Студенттер күні

Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі Студенттер күнін үстемшіл жүйенің жоба-жоспарлары мен бөгделерге бағынышты күштерге қарсы студенттердің саналы түрде жасаған ерліктерін еске алу күні деп атады.

Мансұр Ғолами сенбі күні Студенттер күніне арнаған жолдауында: «Бұл күн – исламдық Иранның тәуелсіздігі мен абырой-айбынына қол жеткізу жолында бар күш-қуатын жұмсаған азаттық сүюшілер мен шәһидеттерді еске алып, қадір тұту күні»,-деді.

Х.ш.ж.с.б. 1332 жылы 16 азарда (1953 жылы 7 желтоқсанда) Иранның студентері АҚШ-тың сол кездегі президентінің орынбасары Ричард Никсонның Иранға сапарымен бір мезгілде Вашингтонның Теһранның ішкі істеріне араласуына наразылық ретінде Теһран университетінің алдында шеру өткізді.

Пехлеви режимінің әскерилері шерушілерге шабуыл жасап, 3 ирандық студентті шәһид етіп, жүздеген адамды жаралады.

Тегтер