Рухани: Иран толық жеңіске дейін Сирия үкіметі мен халқының қасында болады
(last modified Tue, 08 Dec 2020 14:01:10 GMT )
Жел 08, 2020 20:01 Asia/Almaty

ИИР Президенті Ислам респубикасының стратегиялық одақтасы ретінде Сирия үкіметі мен халқына қолдау көрсетуін жалғастыратынын және толық жеңіске дейін Сирияның қасында болатынын қуаттады.

 

Хасан Рухани сейсенбі күні Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал Меқдодпен кездесуінде ИИР-ның әрдайым Сирия үкіметі мен халқының қасынды болатынын қуаттап: «Басқыншы сионистер және лаңкестікпен күресу – Иран мен Сирия халықтарының ортақ мақсаты»,- деді. Рухани сондай-ақ АҚШ Президенті Дональд Трамптың Сирия жерінің бір бөлігін басқыншы сионистік режимге қосу әрекетіне тоқталып: «Басып алынған жерлерді, олардың ішінде Голлан жоталарын сионистік басқыншылардан азат ету қажет»,- деп мәлімдеді.

Фейсал Меқдод Теһран-Дамаск қарым-қатынастарын әлемдегі ең маңызды саяси қарым-қатынастардың бірі деп атап: «Басқа елдер шынайы достық қарым-қатынастың қалай қалыптасатынын және қалай жалғасатынын үйрене ала алады»,-  деді.