Әзірбайжан Сыртқы істер министрінің Теһран сапары: ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер
ИИР көршілес елдермен, оның ішінде Әзірбайжанмен ең жақсы қарым-қатынас деңгейіне ие болуға ерекше мән береді.
Осыған байланысты Теһран бүгін, сәрсенбі (9 желтоқсан) күні Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен оның делегациясын қабылдады. Теһран-Баку қарым-қатынасын дамыту әртүрлі тұрғыдан ерекше маңызды. Байрамовтың бұл сапары Баку-Ереван арасындағы соңғы соғыстан кейінгі және шілде айында Әзірбайжан Сыртқы істер министрі міндетіне тағайындалғаннан кейінгі Иранға жасаған алғашқы сапары болуда. Бұл сапар Оңтүстік Кавказдағы соңғы өзгерістер мен Қарабақ соғысының аяқталуынан кейін аймақта жаңа жағдай орнатылған кезде өтіп, ерекше маңызға ие.
Ислам революциясы жетекшісі Исламның ұлық пайғамбарының мәулітіне арналған теледидардан сөйлеген сөзінде Армения мен Әзірбайжан арасындағы соңғы соғысқа тоқталып, оны ащы оқиға және аймақтың қауіпсіздігіне қоқан-лоққы тудырушы деп тауып: «Әскери қақтығыс жылдам тоқтатылуы керек. Әрине Армениямен басып алынған Әзірбайжанның бүкіл жерлері азат етіліп, қайтарылуы қажет»,- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ екі жақтын бұл жерлерде өмір сүретін армяндардың қауіпсіздігі мен халықаралық шекараларды сақтау қажеттілігін қуаттады. Сонымен қатар Теһран мен Бакудің қарым-қатынастарын ескере отырып, бұл сапардың маңыздылығын үш тұрғыдан қарастыруға болады. Біріншіден, екі көрші елдің тарихи ортақ байланыстары саяси оқиғалар мен аймақтық дағдарыстарға қарамастан қарым-қатынасты сақтауға үлкен әсер етті. Иран мен Әзірбайжанның ислам әлеміне жататын ортақ тарихы, діні мен мәдениеті бар. Екіншіден, бұл қарым-қатынастардың маңыздылығы екі ел арасындағы келісімдердің аймақтық экономикалық ынтымақтастық шеңберінде қабылдануына байланысты. Екі ел де Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭКО) және Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) мүше. Теһран мен Баку арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім - өзара сенімділіктің жоғары деңгейінің белгісі. 2016 жылдың 23 ақпанында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Теһранға сапары кезінде «Ходафарин» және «Қыз Қала Си» электр станцияларын салу туралы келісімге қол қойылды. Үшіншіден, екі елдің қарым-қатынастарының аймақтық деңгейіндегі маңыздылығы екі жақтың стратегиялық қатынасын арттырудағы рөліне тиесілі. Кавказ аймағы сарапшысы Афшар Солеймани Иран мен Кавказ аймағы елдерінің ынтымақтастығының түрлілігіне тоқталып: «Иран мен Әзірбайжан геосаяси және геоэкономикалық қуаттылықтарға ие, олар бірге жақсы мүмкіндіктер құра алады және жаңа ынтымақтастықтың қалыптасуына себеп болады». Қазіргі уақытта Иранмен және Әзірбайжанмен ынтымақтастықта маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Осы жобалардың бірі - «Солтүстік-Оңтүстік» және «Оңтүстік-Батыс» теміржол дәліздерінің бөлігі болып табылатын стратегиялық маңызға ие Рашт-Астара теміржолы. Сонымен қатар қазіргі кезде Кавказ аймағы мен Каспий теңізінде ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Әзербайжан Сыртқы істер министрінің Теһрандағы келіссөздері кезінде екіжақты қатынастарды дамыту және аймақтағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа қадамдар жасалады деп күтілуде.