Ислам революциясының жетекшісі аятолла Яздидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
https://itolqyn.com/news/iran-i49256
Аятолла Хаменеи Құм діни оқу орнындағы ұстаздар қоғамының басшысы аятолла Мұхаммед Яздидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 10, 2020 15:16 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі аятолла Яздидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Аятолла Хаменеи Құм діни оқу орнындағы ұстаздар қоғамының басшысы аятолла Мұхаммед Яздидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Аятолла Язди шах заманында революциялық қозғалыстарға қатысты, Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі кезеңдерде елді басқаруға атсалысып, жауапты лауазымдарда қызмет атқарды, соның ішінде Жоғары сотқа төрағалық етті, Эксперттер кеңесіне және Ислам Кеңесі Мәжілісіне мүше болды, ғылыми және фикһтік жұмыстармен айналысып, өте ықпалы тұлға болды»,-деді.  

Ислам революциясының жетекшісі: «Революцияның негіздеріне берік сенім білдіру, осы жолда табандылық таныту, діни‑революциялық ерік‑жігерге ие болу осы қадірменді тұлғаның айшықты қасиеттері еді»,-деді.