Иран мен Ауғанстан басшыларының қатысуымен Хаф-Герат теміржол желісі іске қосылды
https://itolqyn.com/news/iran-i49263-Иран_мен_Ауғанстан_басшыларының_қатысуымен_Хаф_Герат_теміржол_желісі_іске_қосылды
Ұзындығы 140 км Хаф-Герат теміржол желісі Иран мен Ауғанстан басшыларының бейнеконференция арқылы қатысуымен іске қосылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 10, 2020 17:51 Asia/Almaty

Ұзындығы 140 км Хаф-Герат теміржол желісі Иран мен Ауғанстан басшыларының бейнеконференция арқылы қатысуымен іске қосылды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Хасан Рухани бейсенбі күні  Хаф-Герат теміржол желісін ресми ашу рәсімінде Ауғанстан Президенті мен халқына: «Бүгін – Иран мен Ауғанстан халықтары үшін жол ашу күні. Бір тамыр, бір тарих, бір мәдениет, бір аймаққа тиесілі екі халық көршілестік пен бауырластық тарихында бір-біріне жақсы серік бола білді»,-деді.

Мұхаммед Ашраф Ғани де Хаф-Герат теміржол желісін ашу рәсімінде осы жобаны екі ел үшін аса маңызды тарихи оқиға деп атап: «Бұл бағыттың ашылуы –  экономикалық жағдайды жақсарту мақсатында екі елдің аймақтық байланыс саласында тынбай әрекет етуінің нәтижесі»,-деді.