Жел 10, 2020 18:32 Asia/Almaty

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әзірбайжан Сыртқы істер министрімен кездесіп, екі елдің әлеуеттерін әріптестік деңгейін түрлі салаларда арттыруға жұмсау қажеттігін айтты.

Мұхаммед Бағер Қалибаф сәрсенбі күні Джейхун Байрамовмен кездесуінде Әзірбайжан мен Армения арасындағы келісім аясында Қарабақта басып алынған жерлердің азат етілуін тұрақты қауіпсіздік пен бейбітшілік орнату жолындағы маңызды қадам деп атады.

Қалибаф, сондай-ақ, Әзірбайжан жерінде лаңкестік күштердің болуына алаңдаушылық білдіріп, бұл мәселені тез арада шешу қажеттігін баса айтты.  

Байрамов ИИР-ның Қарабақ қайшылығын тоқтату үшін бейбіт шешім жолдарын ұсынғанына тоқталып: «Ислам революциясының жетекшісі, Иран Президенті мен Мәжіліс өкілдерінің ұстанымдары 44 күндік соғыста Әзірбайжан халқына жігер беріп отырды»,-деді.

Тегтер