Иран мен Түркия Сыртқы істер министрлері сұхбаттасты
Түркия Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен сұхбатында: «Түркия Президенті Ердоған Иран туралы оқыған өлеңінің қаншалықты елеулі екенінен хабарсыз еді»,-деді.
Ердоған бейсенбі күні Бакуде Иранның ұлттық егемендігін бұзатын мазмұндағы өлең оқып, Иран халқы мен үкіметінің қатаң реакциясына ұшырады.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы сенбі күні кешке Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сұхбаттасып, Иранмен достық қарым-қатынастың маңыздылығын баса айтып: «Ердоған Иранның аумақтық тұтастығына құрметпен қарайды»,-деді.
Бүгін Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің 214 өкілі мәлімдемеге қол қойып, Режеп Тайып Ердоғанның жуырдағы сөздеріне наразылық білдірді.
Тебриз халқы кеше Түркия бас консулдығының алдына жиналып, Ердоғанның Иранға қарсы өлең оқығанын айыптады.