Жел 13, 2020 17:40 Asia/Almaty
  • Теһрандағы Германия елшісі Иран СІМ-не шақыртылды

Еуроодақтың кешегі наразылық мәлімдемесінен кейін Германияның Теһрандағы елшісі Иран СІМ-не шақыртылды.

Еуроодақтың Рухолла Замның дарға асылуына қатысты ішкі іске араласу сипатындағы мәлімдемесінен кейін Теһрандағы Германия елшісі Иран СІМ-не шақыртылып, оған Теһран үкіметінің наразылығы жарияланды.

Теһрандағы Франция елшілігінің жауапты өкілі де бүгін Иран СІМ-не шақыртылады деп күтілуде.

Ислам революциясына қарсы медиа өкілдердің бірі Рухолла Зам ұлттық қауіпсіздікке қарсы әрекет етті деген айыппен кеше дарға асылды.  

Тегтер