Чабаһар көпжақты келісімінің жарқын болашағы
Аймақтық әлеуеттерді пайдалану – экономикалық дамуда маңызды рөл ойнайтын көпжақты ынтымақтастық үшін ең әсерлі тәсілдердің бірі.
Осы орайда Иран, Үндістан мен Өзбекстан жұмыс тобының «Чабаһар стратегиялық айлағын пайдалану» туралы ортақ отырысы 14 желтоқсанда бейнеконференция қалыбында өтті.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев жұма, 11 желтоқсанда Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен видео байланыс арқылы сөйлесіп, Чабаһар айлағы туралы Иранмен үшжақты отырыс өткізу қажеттігін айтқанынан бір күн өткен соң Үндістан СІМ осы үшжақты отырыс туралы мәлімдеме жасады.
Чабаһар айлағы аймақтың саяси-экономикалық қатынасында әрдайым стратегиялық маңыздылыққа ие. Геосаяси тұрғыдан Чабаһар – Иранның мұхитқа шығатын жалғыз айлағы. Ол Парсы шығанағы мен Оман теңізі маңындағы ең маңызды нүктелердің бірі саналады. Солтүстік-Оңтүстік дәлізінде осы айлақтың стратегиялық орны бар.
Чабаһар көпжақты келісімінің стратегиялық маңыздылығы қазір оған қол қойылғаннан 4 жыл (2016 жылы маусым айы) өткенде айшықтала түсуде. Өзбекстанның осы келісімге қосылуға ниет білдіруі және аймақтағы басқа елдердің аталмыш салаға қызығушылық танытуы осындай әріптестіктің болашағы жарқын боларын көрсетеді.
«Үндістан Таймс» газеті осы елдің Чабаһар айлағындағы жұмыстарына, соның ішінде айлақ терминалдарының біріне салған инвестициясына тоқталып: «Чабаһар айлағының Ауғанстанға тауар тасудағы маңыздылығын ескеріп, АҚШ бұл стратегиялық жобаға санкция салмауға мәжбүр болды»,-деп жазды.
Шын мәнінде осы стратегиялық айлаққа мұқтаждық оны дамытуға қажеттілікті артырып, санкцияларды мәнсіз етті.
ИИР аймақ және көршілес елдердің экономикалық тұрақтылығы мен дамуын өзінің қауіпсіздігі, тұрақтылығы мен дамуымен тең санайды. Сондықтан Иран өзінің әлеуеттерін пайдаланып, бай қуат көзі мен басты байланыс жолдарына ие ел ретінде ортақ экономикалық мақсаттарды ілгерілетуге, соның ішінде тауар тасымалалдау, транзиттеу және экспорттауға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.