Жел 16, 2020 16:35 Asia/Almaty
  • Иранның шафраны әлемнің 53 еліне экспортталады

Иран Кедені ақпарат өкілі өткен сегіз айда ирандық шафранның 192 тоннадан астамының әлемнің 53 еліне экспортталғанын мәлімдеді.

 

Рухолла Латифи сейсенбіде Гонконг, Испания, БАӘ, Ауғанстан және Қытай Иран шафранының негізгі экспорттық бағыты екеніне тоқталып: «Иран шафранының соңғы сегіз айдағы экспорты шамамен 118 миллион долларды құрады»,- деді.

Латифи әлемдегі шафранның 90 пайыздан астамын Иранда өндірілетініне назар аудартып: «Шафран Иранның бұрыннан бері экспортталатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірі»,- деп қуаттады.  

 

Тегтер