Иранның Батыс Әзірбайжан облысы Әзірбайжан республикасының құрылыс саласындағы қажеттіліктерін өтеуге дайын
https://itolqyn.com/news/iran-i49395
Иранның Батыс Әзірбайжан облысының Сауда, кен және өнеркәсіп палатасының басшысы осы облыстың Әзірбайжан республикасын, әсіресе Қарабақ аймағын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге дайын екенін жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 21, 2020 15:34 Asia/Almaty
  • Иранның Батыс Әзірбайжан облысы Әзірбайжан республикасының құрылыс саласындағы қажеттіліктерін өтеуге дайын

Иранның Батыс Әзірбайжан облысының Сауда, кен және өнеркәсіп палатасының басшысы осы облыстың Әзірбайжан республикасын, әсіресе Қарабақ аймағын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге дайын екенін жариялады.

Бабаи бұл облыста жылына 4 млн тоннадан аса цемент өндірілетінін айтып: «Қазіргі таңда Батыс Әзірбайжан облысынан Әзірбайжан республикасына цемент экспортталады. Алдағы уақытта экспорт көлемін арттыруға болады»,-деді.  

Иранның Батыс Әзірбайжан облысының экономикалық белсенділері Қарабақ аймағын қайта жөндеуге қатысуға және Әзірбайжан республикасымен экономикалық қарым-қатынасты дамытуға әзір екендерін жариялады.