Зариф: Үш еуропалық мемлекет «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін бұзды
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен еуропаның 2014-2019 жылдар аралығындағы сауда-саттық мәліметтерге тоқталып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған үш еуропалық мемлекеттің өз міндеттемелерін орындамағанн мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі ресми парақшасында Қытай, Ресей, Германия, Франция және Британия сыртқы істер министрлерімен өткізген отырысы жөнінде: «1. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы құтқару үшін еуропалық үш елдің соңғы мерзімі; 2. 2019-2014 жж. Иран мен Еуропалық Одақтың сауда деректері үш еуропалық мемлекет өз міндеттемелерін бұзғанын дәлелдейді; 3. Еуропаның үш мемлекеті АҚШ-пен қоса ирандықтарға орны толмас зиян келтіреді»,- деп жазды. Зариф бүкіл тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралу қажеттілігін қуаттап: «АҚШ пен үш еуропалық мемлекет өз міндеттемелерін орындаған кезде Иран іске асырылған әрекеттерінен қайтады»,- деді.