Кешенді саяси шешім - Ауғанстандағы тұрақты бейбітшіліктің ең жақсы кепілі
Иран Сыртқы істер министрі кешенді саяси шешімді Ауғанстандағы тұрақты бейбітшіліктің ең жақсы кепілі атады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Теһранда Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Хамдолла Мухебпен кездесуінде көрші және дос Иран мен Ауғанстанның арасындағы екіжақты, аймақтық және халықаралық деңгейдегі кеңесулерді тереңдету қажеттілігін қуаттап, Хаф-Герат темір жолының ашылуына ризалығын білдіріп, оны екі елдің ынтымақтастықтарын кеңейтіп, шығыс аймағы арасындағы қарым-қатынастарды жылдамдатады деп бағалады. Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ америкалық және басқа бөгде елдер әскерилерінің Ауғанстаннан шығуын қуаттады.
Хамдолла Мухеб Хаф-Герат темір жолының іске қосылуына тоқталып, мұндай жобалардың аймақтық ынтымақтастықты нығайтатынына үміттенді.