Хатибзаде: Ауғанстандағы қайшылықтар тек саяси жолмен шешіледі
(last modified Mon, 28 Dec 2020 11:01:03 GMT )
Жел 28, 2020 17:01 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Ауғанстандағы қайшылықтар тек саяси жолмен шешіледі

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Хамдулла Махабтың өткен аптада Теһранда Иран Сыртқы істер министрімен кездескеніне тоқталып: «Ауғанстандағы дағдарыстар мен қайшылықтардың кесімді шешімі – саяси жол. АҚШ-тың Ауғанстанда тұрақсыздық тудырып жатқанын ескеріп, Иран барлық ауғандық топтарды келіссөз жүргізуге шақырады»,-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні бейнеконференция арқылы өткен баспасөз отырысында Иранның тату көршілестік саясатын ұстанатынын айтып: «АҚШ көршілес елдерді тынышсыздық ошағына айналдырды. Теһран сан рет дос әрі көршілес елдерді Ақ үйдегі соғысқұмар режимге қарсы өз міндеттерін орындауға шақырды. Әрине БҰҰ-ның жарғысына сәйкес Иран өзін  заңды түрде қорғай алатыны даусыз»,-деді.  

 

Тегтер