Жел 28, 2020 18:42 Asia/Almaty
  • Коронавируспен күрес ғылыми комитетінің басшысы: 7 ирандық компания дайындап жатқан вакцина клиникалық сынақ кезеңіне аяқ басты

Иранның коронавируспен күрес ғылыми комитетінің басшысы: «7 ирандық компания дайындап жатқан вакцина 2021 жылы ақпан айының аяғында клиникалық сынақ кезеңіне аяқ басты»,-деді.

Мұстафа Қанеи дүйсенбі күні Mehr ақпарат агентігіне берген сұхбатында Биотехнологияны дамыту штабының қолдауы және бақылауымен дайындалып жатқан 7 вакцина туралы: «3 компания қаңтар айының аяғына дейін жануарларға сынау кезеңін аяқтап, адамға сынауға рұқсат алады»,-деді.

Қанеи: «Клиникалық кезеңге аяқ басқан 3 компанияның бірі айтарлықтай ілгерілегенін көрсетіп, басқалардан тезірек вакцинаны адамға сынау кезеңіне жол тартады»,-деді.

Тегтер