Иранда коронавирустан тағы 102 адам көз жұмды
Қаң 04, 2021 01:01 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат хатшысы: «Өткен 24 сағатта коронавирустан тағы 102 көз жұмып, елде жалпы індеттен жан тапсырғандар саны 55540 адамға жетті»,-деді.
Сима Садат Лари жексенбі күні Иранда коронавирусқа шалдыққандар мен көз жұмғандарға қатысты соңғы статистиканы жариялап: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен 24 сағатта тағы 5960 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 498-і ауруханаға жатқызылды»,-деді.
Оның айтуынша, Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 1243434 адамға жеткен. Қуанышқа орай, осы күнге дейін 1013018 адам сауығып, ауруханалардан шығарылды.
Тегтер