Парсы шығанағы жағалауында Сақшылар корпусының зымырандар базасы ашылды
https://itolqyn.com/news/iran-i49633-Парсы_шығанағы_жағалауында_Сақшылар_корпусының_зымырандар_базасы_ашылды
Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының қатысуымен Парсы шығанағы жағалауында Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің тағы бір стратегиялық зымырандар базасының ашылу рәсімі өтті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 08, 2021 15:35 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының қатысуымен Парсы шығанағы жағалауында Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің тағы бір стратегиялық зымырандар базасының ашылу рәсімі өтті.

Генерал-майор  Салами жұма күні таңертең осы базаның ашылу рәсімінде: «Елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігі және Ислам революциясының жетістіктерін қорғаудағы басты қисын – мықты болу»,-деді.

Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Дұшпандар біздің қисынымыздың дұрыстығын қабылдамайды, бірақ  өздері күш-қуат қисынына арқа сүйеуде. Сондықтан үстемшілдер тарапынан таңылатын жоспарлардың алдын алу үшін бізде тежегіш, қорғаныс және шабуылдаушы күштерді нығайтқаннан басқа амал жоқ»,-деді.

Генерал-майор  Салами: «Бұл база – Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің стратегиялық зымырандарын сақтайтын нысандардың бірі. Онда зымырандар мен зымыран атқыштардың ұзын легі орналасқан»,-деді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Бұл зымырандар жүздеген шақырым қашықтыққа ұшып, нысанаға дөп тиіп, жойқын жою қуатына ие. Сондай-ақ, дұшпандардың электронды соғыс құралдарына ұстатпай кете алады»,-деді.